Далабаев Жандарбек Ермекұлы


1959 жылы 19 маусымда Алматы облысы Жамбыл ауданы Амангелді ауылында дүниеге келген.. Ұлты қазақ. 1975 жылы Үңгіртас орта мектебін бітіріп, алғашқы еңбек жолын «Қастек» асыл тұқымды қой зауытында шопанның көмекшісі болып бастаған.

1977- 1982 жылдары Қазақтың Киров атындағы мемлекеттік университетін философия пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша, 1990 жылы Алматы малдәрігерлік институтын зооинженер мамандығы бойынша бітірген.
1982 – 1986 жылдары Жамбыл ауданындағы Октябрдің 60 жылдығы атындағы асыл тұқымды мал совхозында комсомол комитетінің хатшысы,
1986 – 1989 жылдары Жамбыл аудандық партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінің нұсқаушысы;

1989-1991жылдар аралығында Жамбыл аудандық партия комитеті жалпы бөлімінің меңгерушісі ;

1991 – 1997 жылдары ауданның бірнеше шаруашылық ұжымдарында («Салқын – Саз»,«Прогресс» совхозы) партия комитетінің хатшысы, аға зоотехник, директордың орынбасары қызметтерін атқарды.

1997 – 1999 жылдары Жамбыл аудандық «Маркетинг және менеджмент» орталығының директоры, «Отан» партиясы аудандық филиалының кеңесшісі ;
1999-2002 жылдар аралығында Жамбыл аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы;
2002 жылдың қаңтарынан желтоқсан айына дейін аудан әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарды.

2002-2004 жылдары Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебінің директоры;
2004 жылдың маусымынан желтоқсан айына дейін Жамбыл ауданы әкімі аппаратының басшысы;

2004 жылдың желтоқсан айынан 2012 жылға дейін Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2012 жылдың қаңтар айынан бастап Жамбыл ауданының әкімі.

 

Соңғы жаңалықтар

Окт 20, 2011 Аудан әкімдігінде Бақылау сағаты  (0 пікірлер)
Окт 15, 2011 10 қазан мүгедектер күні.Қайырымды шара — қуанды бала  (0 пікірлер)
Окт 15, 2011 Баспасөз — 2012" “Атамекенге” жазылу жүріп жатыр  (0 пікірлер)
Окт 15, 2011 Жәрмеңкеге ел риза  (0 пікірлер)
Окт 15, 2011 Аудан әкімдігінде Бақылау сағаты  (0 пікірлер)