Қамқорлық


Тағдырдың жазуымен жетімдікті басынан кешіргендерге ұлтымыз қамқор бола білген. «Жетімнің басынан сипағанға жеті пейіштің есігі ашық» деген сөз текке айтылмаған болу керек. Осындай тәрбиелі сөздерімен халқымыз ұрпағын мейірімділікке, адалдыққа, кішіпейілділікке тәрбиелей білген. Қазіргі кезде аудан әкімшілігінің басшылығымен осындай балаларға қол ұшын беретін, рухани бай, демеуші ұжымдар көбейіп келеді. Демеушілік байлық пен дүниенің баяндылығын қамтамасыз етер, қоғам өмірінің күнгейлі сипаты. Аудан азаматтарының жетім балаларға деген қамқорлық нышанын, адамгершілігі мен азаматтығын көріп, көңілің бір марқаяды. Мектебіміздегі осындай бес балаға мектепке киетін форма, күртеше мен аяқ киімдер, оқу құралдарын алып берген «Стандарт Газ» ЖШС, Әділет басқармасы, Аумақтық инспекция, пошта байланыс торабы мен ХҚКО қызметкерлеріне алғыс айтамыз.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»-дейді ғой. Сондай-ақ «Стандарт Газ» бастығы Әділов Сейіт Исмайылұлына, бас есепші Кащенко Ирина Николаевнаға, аға диспетчер Әділова Роза Омаржанқызына, олар демеушілік жасаған 2сынып оқушысы Сәрсенбиев Асылжанның атынан шексіз ризашылығымызды, алғысымызды білдіргіміз келеді.
 

comment

comments_closed




Соңғы жаңалықтар

Окт 20, 2011 Аудан әкімдігінде Бақылау сағаты  (0 пікірлер)
Окт 15, 2011 10 қазан мүгедектер күні.Қайырымды шара — қуанды бала  (0 пікірлер)
Окт 15, 2011 Баспасөз — 2012" “Атамекенге” жазылу жүріп жатыр  (0 пікірлер)
Окт 15, 2011 Жәрмеңкеге ел риза  (0 пікірлер)
Окт 15, 2011 Аудан әкімдігінде Бақылау сағаты  (0 пікірлер)