ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ


Жас ұрпақты жыр дүлдүлі Жамбыл Жабаевтың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу және ауыз әдебиетінің қайнар көзі — айтыс өнерінің дамуына ұйытқы болу, суырып салма жас ақындардың бойларындағы табиғи дарынын дамыту мақсатында Ж.Жабаевқа арналған «Жыр алыбы — Жамбыл» тақырыбында 2010 жылдың 24-26 ақпан күндері Талдықорған қаласында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында республикалық жас ақындар айтысы өткізіледі.

Облыстық білім беру басқар-масының орта білім, оқытудың жаңа технологиясы мен инновация бөлімі (Г.Ш.Жақсылықова), бастауыш және орта кәсіптік білім бөлімі (Ә.Д.Төребаева), Талдықорған қалалық білім бөлімі (Б.К.Тұрысбеков), Талдықорған қаласындағы № 1 кәсіптік мектебі (С.С.Қарамолдинова) республикалық жас ақындар айтысын дайындау және өткізудің іс-шаралар жоспарын, бағдарлама жобасын және қазылар алқасының құрамын әзірледі.
Әр облыстан қатысатын үміткерлердің сұраныстары 2010 жылдың 20 ақпанына дейін берілуі тиіс.

Аудандық (қалалық) байқаулар 2010 жылдың 15 ақпанына дейін өткізіледі. Іріктеуден өткен республикалық айтысқа қатысатын оқушылардың тізімі, оқушылар туралы толық мәлімет 2010 жылдың 20 ақпанына дейін облыстық Білім басқармасына жіберіледі (әр ауданнан 1 оқушы).

Айтыстың негізгі шарты
Айтысқа қатысатын оқушы поэзияны сүйетін, оны тақырыбына сай талдай білетін, «өлең — сөздің патшасы» екендігін жанымен түсіне білетін, өз ойын жан-жақты жеткізе алатын, суырып салмалық қабілеті бар болуы шарт.
Біздің ауданымыздан айтысқа қатысуға талап білдіргендер төмендегі телефондарға хабарласуы тиіс.

 

comment

Мар 11, 22:28  —   aktilek

Nege Zhambyl Zhabaev turaly malemetter zhok?



comments_closed




Соңғы жаңалықтар

Окт 20, 2011 Аудан әкімдігінде Бақылау сағаты  (0 пікірлер)
Окт 15, 2011 10 қазан мүгедектер күні.Қайырымды шара — қуанды бала  (0 пікірлер)
Окт 15, 2011 Баспасөз — 2012" “Атамекенге” жазылу жүріп жатыр  (0 пікірлер)
Окт 15, 2011 Жәрмеңкеге ел риза  (0 пікірлер)
Окт 15, 2011 Аудан әкімдігінде Бақылау сағаты  (0 пікірлер)