БІЗДІҢ ҮЗДІК ОҚЫРМАН


Аудандық «Атамекен» газетінің он мыңдаған оқырманы бар. Олардың бәрі газетімізді құлшына, қызыға оқиды. Дегенмен солардың ішінде «Атамекенсіз» ас іше алмайтын болып кеткен төрт оқырманымызды атап өткенді жөн көріп отырмыз.

№1-ші оқырманымыз — Лескен Дүнгенбай. Лескен ағамыз өзінің шып-шымыр мақалаларымен оқырманға танымал.

№2-ші оқырманымыз Әбділдә Әуез. Орталық мешіттің наиб-имамы Әбекең де біздің белсенді тілшіміз. Діни тақырыпқа жазған терең де салмақты, салиқалы мақа-лаларын көпшілік іздеп жүріп оқиды. Редакциямызға жиі бас сұғып дін тақырыбында әңгіме айтқаннан жалықпайды. Әрбір әңгімесінен жан-жақты білімдар адам екендігі көрініп тұрады.

№3-ші оқырманымыз жасы сексеннен асқан Шүршітбаева Күлжахан әжеміз. Апта сайын газеттің жаңа санын іздеп редакцияға келеді.

Сондай-ақ төртінші кезекте Мәтібұлақ ауылының тұрғыны Базарқұлов Жандәулет Райқұлұлы — үздік оқырманымыздың бірі. Газеттің әр санын шұқшиып оқитыны соншалық мақаламыздың үтір, нүктесіне дейін жіті қадағалайды. Жуырда редакцияға кіріп шыққан еді. Әңгіме барысында қысқа да нұсқа сұрақтарға пікірін білдірді.

— Аудандық газеттен көп жаңалықты біліп отырамын. Тұрғындарға газдың тартылуы, Ұзынағаштың болашақта қала сияқты көркейетіндігі, өзің қалайтын дәрігерге қаралуға мүмкіндік туғаны секілді жаңалықтарға қатты қуандым. Дегенмен, бүгінгі қоғам — өрмекшінің торы секілді, өйткені жемқорлық, жағымпаздық, өткір мақтау жойыла қойған жоқ. Сол өрмекшінің торындай тіршіліктен амалдап жол тапқанға не жетсін!-дейді Жандәулет ағамыз.
Бұдан ішінде талай жұмбақ сыр жатқаны байқалады. Ендеше, үздік оқырмандарымыз сол сырлы дүниесін ішке сақтамай, Барыс жылында да ақтарар деген үміттеміз.

Сондай-ақ айта кетейік, биыл Мәтібұлақ, Шиен, Шолаққарғалы, Ақсеңгір, Үңгіртас, Жамбыл, Мыңбаев ауылдары газетімізге жазылудан ең алдыңғы қатардан көрінді.
 

comment

comments_closed




Соңғы жаңалықтар

Окт 20, 2011 Аудан әкімдігінде Бақылау сағаты  (0 пікірлер)
Окт 15, 2011 10 қазан мүгедектер күні.Қайырымды шара — қуанды бала  (0 пікірлер)
Окт 15, 2011 Баспасөз — 2012" “Атамекенге” жазылу жүріп жатыр  (0 пікірлер)
Окт 15, 2011 Жәрмеңкеге ел риза  (0 пікірлер)
Окт 15, 2011 Аудан әкімдігінде Бақылау сағаты  (0 пікірлер)