Мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенті (21)

Жамбыл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы «_____» наурыздағы № ______ «Мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенттерін бекіту туралы» қаулысына қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенті
Мүгедектерді сурдо, тифлоқұралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамсыздандыру үшін оларға құжаттар ресімдеу (мемлекеттік қызметтің толық атауы)

1. Негізгі ұғымдар
1.Сурдотехникалық құралдар – есіту кемістіктерін түзеуге және олардың орнын толтыруға арналған техникалық құралдар, оның ішінде байланыс пен ақпарат беруді күшейтетін құралдар.
Тифлотехникалық құралдар – мүгедектердің көру кемістігі нәтижесінде жоғалтқан мүмкіндіктерін түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталған құралдар.
Міндетті гигиеналық құралдар – табиғи физиологиялық қажеттіліктер мен мұқтаждықтарды қанағаттандыруға арналған несеп қабылдағыштар, нәжіс қабылдағыштар, памперстер ұсынылады.

2. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы:
Мүгедектерді сурдо, тифлоқұралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамсыздандыру үшін оларға құжаттар ресімдеу (мемлекеттік қызметтің нормативтік құқықтық анықтамасы)
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны:
автоматтандырылмаған
4. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативтік құқықтық актінің атауы
Қазақстан Республикасының «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қаулысы №754 20.07.200ж
5. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге де субъектілердің атауы:
Жамбыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
6. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны(нәтижесі):
жолдама
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімі тиісті мемлекеттік қызмет көрсету стандартымен белгіленеді.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне енгізілген мемлекеттік органдардың және өзге де субъектілердің тізбесі көрсетілсін:
9. Егер мемлекеттік қызмет бірнеше мемлекеттік органдардың және өзге де субъектілердің қатысуымен көрсетілсе, онда мемлекеттік қызмет көрсету регламенті мүдделі мемлекеттік органдармен келісім бойынша бекітіледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет
(өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау

10. Тұтынушы кіріс (соның ішінде электрондық) хат-хабарын ресімдеу және мемлекеттік қызмет көрсетуге оның сауалын (өтінімін) қабылдау (тіркеу) туралы ақпарат алу тәртібі.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың толық тізбесін, нысандарын, қалыптарын (қосымшада) көрсету. – Ұлы Отан соғысының қатысушыларына – төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін, Ұлы Отан соғысы қатысушыларының куәлігін және мүгедекті жеке оңалту бағдарламасын; – Ұлы Отан соғысының мүгедектері – төлқұжатын немесе жеке куәлігін, Ұлы Отан соғысы мүгедегінің куәлігін, мүгедекті жеке оңалту бағдарламасын; – жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар – төлқұжатын немесе жеке куәлігін, жеңілдіктерге құқығы туралы белгісі бар зейнеткерлік куәлігі мен мүгедекті жеке оңалту бағдарламасын; – мүгедек-балалар – төлқұжатын немесе жеке куәлігін, кәмелетке толмағандар – туу туралы куәлігін, ата-анасының біреуінің төлқұжатын немесе жеке куәлігін, мүгедекті жеке оңалту бағдарламасын; – бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер – төлқұжатын немесе жеке куәлігін, зейнеткерлік куәлігін, мүгедекті жеке оңалту бағдарламасын ұсынады.
12. Қажет болған кезде ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптарды көрсету:
13. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық-функционалдық бірліктерді (бұдан әрі –ҚФБ) санамалау және сипаттау (ҚФБ – бұл уәкілетті органдардың жауапты адамдары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың кіші жүйелері және т.с.с)
Селолық округ әкімшіліктері
14. Осы Үлгі регламентке 1 қосымшаға сәйкес әрбір іс-әрекеттің орындалу мерзімін көрсете отырып, ҚФБ-да қарапайым іс-әрекеттер (рәсімдер, функциялар, операциялар) реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасын келтіру.
15. Осы Үлгі регламентке 2-қосымшаға сәйкес 14-тармақтағы олардың сипаттамасына сай іс-әрекеттердің қисынды реттілігі (мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде) мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграммаларды көрсету.
16. Хабарлама нысандарын, түрлі хаттарды, еске түсірулерді және т.с.с. қоса алғанда, оларға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ұсынылуы тиіс нысандарды, қалыптарды, бланкілерді және т.с.с көрсету (қосымшада).

Мемлекеттік қызмет көрсетудің регламентіне №1-қосымша
1-кесте Құрылымдық-функционалдық бірліктің іс-әрекеттерінің сипаттамасы


 Негізгі үдерістің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)

1

Іс-әрекеттің (барысының, жұмыс ағынының) №

1

2

3

2

ҚФБ атауы

1 ҚФБ

2 ҚФБ

3 ҚФБ

3

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Қажетті құжаттарын өткізу

Мүгедекті оңалту бағдарламасын өткізу

Мүгедектігі туралы анықтама

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-әкімгерлік шешім)

жолдама

 

 

5

Орындау мерзімдері

10 минут

10 минут

10 минут


 


2-кесте  Пайдалану нұсқалары. Негізгі
үдеріс.



 Негізгі үдерістің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)

1 ҚФБ немесе ҚФБ тобы

1 ҚФБ немесе ҚФБ тобы

№1 іс-әрекет

Қажетті  құжаттарын өткізу

№2 іс-әрекет

Мүгедекті оңалту бағдарламасын өткізу

№3 іс-әрекет

Мүгедектігі туралы анықтама


Біздің мекен-жайымыз бен телефонымыз:
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Қарасай батыр көшесі,261
Телефон 2-15-63
Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, 9.00-ден 18-00-ге дейін.
Үзіліс: 13.00-ден 14.00-ге дейін
Демалыс күндері: сенбі, жексенбі


Комментирование этой статьи закрыто.


Последние новости

Янв 26, 2012 ЖОБА  (0 комметариев)
Янв 18, 2012 V-шақырылған Жамбыл аудандық мәслихат депутаттарын сайлау қорытындылары бойынша төмендегі кандидаттар депутат болып сайланды  (0 комметариев)
Янв 17, 2012 Уважаемые предприниматели!  (0 комметариев)
Дек 01, 2011 Қызыл дәптерден_  (0 комметариев)
Окт 15, 2011 10 қазан мүгедектер күні.Қайырымды шара — қуанды бала  (0 комметариев)