Қызыл дәптерден
1993 жыл 1.«Без крестов» Қараша. Өмір сүріп емес, жыбырлап қана күн көріп жүрміз. Қарыз аламыз. Есіктің алдында жатқан етігімді біреу ұрлап кетіпті. Ертесіне көрші үйдегі әкесі жоқ, шешесі арақ ішетін бейшара тірі жетім баланың аяғынан көрдім.
Жетім болса да азамат екен: — Аға, етігіңізді мен алдым, – деді. Үйге шақырып шәй бердім. Қайтарда: — Жарты нан алайыншы аға, үйде қарындасым аш отыр,-деді. — Бүтін нан неге алмайсың? — Бүтін нанды көрші орыстың бұзауын бағып беріп аламын, -деді. Көзіме жас келді. Осы туралы өлең жаздым «Жетім бала, жарты нан» деген . Нұрсұлтан ағамыз айтпақшы, «Бір адамның бір мезетте әрі үміттене, әрі шарасыздана сөйлеуіне тура келетін кез. Таңертең таң қараңғысында тәшкімді сүйреп суға бардым. Күпәйке киген бір келіншек тұр шүмекке пләгін тосып. Ала қараңғыда бет –жүзі анық көрінбейді. — Кімсіз? – дедім. — Сіздің көрші үйдегі мұғалім қыздың сіңлісі едім. Енді түсіндім. Күйеуі рэкеттерден қашып, өзі осы әпкесін паналап, тығылып жүрген жан. Күндіз далаға шыға алмайды. Қорқады. Заман-ай, десеңізші. Біреу қашып, біреу қуалап, екі ортада ГСК дегеннің адамдары жалаңдап жүр. Ешкімге сеніп болмайды. Ешкімге әділет іздеп бара алмайсың. Бәрі «по понятием» шешіледі. Базардан кітәп сатып алып оқиыншы ең құрмаса деп барсам кілең детектив. «Собор без крестов» деген кітәп сатып алдым. Қазіргі уақыттың пошымы да «Собор без крестов» емес пе. 2.
«Бартерге» деп сойып жатырмыз Ленин колхозының гаражында ет сататын ләпке бар. Кілең арық-тұрақ изолятор қойдың еті. Көкбақа. Бағасы удай қымбат. Гараждың артын айналсам біреулер пілдей бұқаны жығып алып сойып жатыр екен. Семіз. Ұрлықтарының үстінен түскен соң ба әйтеуір маған “өзіміздің ақынсың ғой” деп екі-үш киле ет берді. — Колхозшыларды асырау керек. Бартерге амалсыздан сойып жатырмыз, Солярка алу керек,-деп қояды. Жарылып жамау астауың Ой емес ойды ойлайсың. Айналаң ұры болған соң, Адалдан бір мал соймайсың, -деген өлеңім осыдан туып еді. Әкелік парыз алқымдап Келемін көше қаңғырып. Білтенің түбі жалпылдап, Бітпейтін қайран мәңгілік. Менің осы ұзақ термеме Ақан Әбдуәлиев ән шығарды.Комментирование этой статьи закрыто.
Последние новости
Фев 22, 2012 Уважамые граждане! (0 комметариев)