Новости
Аппарат Акима Жамбылского района / НОВОСТИ
Қазақстан егемендік алғаннан бастап, дүниежүзілік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, сол арқылы халықаралық қатынастарда өзіне сәйкес құқықтар мен міндеттерді қабылдап отыр. Солардың бірі зияткерлік меншікті қорғау. Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік Ұйымының мүшесі, сондықтан да зияткерлік еңбек әрбір азаматтың жеке мүліктік құқығы немесе оның жеке меншігі.
Авторлық және сабақтас құқықтар өнеркәсіптік және зияткерлік меншіктің маңызды құрамасы бола келіп, келесі интелектуалдық шығармашылық қызметтердің нәтижелеріне таралады: ғылым, әдебиет және өнер туындылары; эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының орындалуы, қойылымдары, фонограммалары мен хабарларын жасауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.
Сонымен қатар, азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құралдарына: өнертабыс, пайдалы үлгілері, өндірістік үлгілері; селекциялық жетістіктер; итегралдық микросызба топологиялары; ашылмаған ақпарат, оның ішінде өндіріс құпиялары; фирмалық атаулар; тауарлық белгілер; тауарлар шығарылатын жерлердің атаулары. Осы атап айтылғанның иегерлері жеке тұлғалар болып табылғанымен, жалпы мемлекеттің зияткерлік ресурсы және адамзаттың мұрасы болып есептеледі. Дәлірек зият тұрақты дамудың бас қозғаушы күші болып есептеледі. Сондықтан, мемлекеттің міндеті – барынша зияткерлік шығармашылықты көтермелеу, сонымен қатар, тиімді авторлық құқықтық қорғау арқылы және қосаралас қалыптасуы мен индустрия мәдениеті дамуына, шығармалардың кең таратушылығына және авторлардың тіршілік етуге қажетті қаражаттарымен қамтамасыз етуге, жаңашыл өнертапқыштарды қолдауына мүмкіндік туғызады. Бұлсыз елдің зияткерлік әлеует қалыптастыруы мүмкін емес. Азаматтардың зияткерлік меншік обьектісі Конституция бойынша сақталады, заң жүзінде қорғалады. Біздің елімізде Қазақстан азаматтарымен қатар шетел азаматтарының да зияткерлік меншік құқығы заң алдында бірдей қорғалады.
Азаматтардың зияткерлік меншігін қорғау арқылы мемлекет олардың шығармашылық өрістің дамуын, сол арқылы ел экономикасының дамуына қолайлы жағдай жасайды. Зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселесі тек қана өзінің шығармашылық қызметінде объектілерімен ие болып жатқан азаматтарды алаңдатпайды, олармен бірге қызметі авторлардың және өнертапқыштардың құқықтарын қорғауына бағытталған мемлекеттік органдары да зияткерлік меншікті шеттетпейді, өйткені осы бағытқа арналған мемлекеттік органдардың жұмысы жалпы республиканың халықаралық шарттарына қосылуына және халықаралық ұйымдарға, ассоциацияларға және зияткерлік меншікті қорғау одақтарына кіруіне қажет.
Әрбір кәсіпкер, өз жұмысында зияткерлік меншік обьектілерін қолданып, пайда-табыс табу мақсатында лицензиясыз өнімдерді пайдалану немесе меншік иесінің рұхсатынсыз жұмыс жасау заң алдында жауапкершілікке тартылатындығын білуі қажет.
comment
Комментирование этой статьи закрыто.
