Новости
Аппарат Акима Жамбылского района / НОВОСТИ
Өмір талабы әрбір құбылысты, қозғалысты, өзгерістер мен жаңаруларды заңдастырып отыру үшін жаңаша құжаттардың қолданысқа енуін мойындатып отыр. Бұл саладағы көптеген жаңа құжаттардың қатарында тұрмыс-тіршілігімізге еніп, өзінің оң нәтижесін беріп те келе жатқан «Азаматтардың тіркеу кітабы». Казақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің әдістемелік нұсқауына байланысты тұрғындарға «Азаматтардың тіркеу кітабын» беру біздің аудандық әділет басқармасында Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүргізілуде. Бұл кітап тұрған үйінде есепте бар екендігін анықтайтын құжат болып есептеледі. Азаматтарды тіркеу кітабы шағын, алып жүруге ыңғайлы, кітапша түрінде басылып шығарылған. Кітапша нөмірленіп, бауланып, елтаңбалы мөр соғылып беріледі. Азаматтарды тіркеу кітабын алу үшін «Халық банкіне» немесе «Каспийбанкке» 53 теңге төлеп, түбіртегін және тұрған үйінің техникалық құжатымен бірге сол үйдің меншік иесі екенін анықтайтын меншік иесі туралы мәліметтер, тіркелгенін дәлелдейтін мекенжай бюросынан анықтама, үй тұрғындарының құжаттары, 16 жасқа толмаған балалардың туу туралы куәліктері бойынша мәліметтер енгізіледі. Осы құжаттарды жинақтап, Халыққа қызмет қөрсету орталығына тапсырса, екі жұмыс күні ішінде сізге құжатыңызды дайындап береді, себебі ол 16 жасқа, 25 жасқа, 45 жасқа толғанда құжаттандыру кезінде қажет болады. Азаматтарды тіркеу кітабы осы тұрғын үйде тіркелгенін растайтын құжат болып табылады және қажет болған жағдайда мүдделі органдарға ұсынылады. Тұрған жері бойынша тіркелгенін немесе тіркеуден шығарылғанын растайтын қандай да бір құжат немесе анықтама талап етуге жол берілмейді. Есепке тіркелу, есептен шығу кезінде азаматтарды тіркеу кітабын қөрсету талап етіледі. Ал ескі үлгідегі үй кітабы жарамсыз болып есептеледі. Сондықтан «Азаматтардың тіркеу кітабы» әрбір үйде болуы керек
comment
Комментирование этой статьи закрыто.
